Accessibility links

Борышкерлер президенттің сөзіне байланысты брифинг өткізеді


Бүгін «Халыққа баспана қалсын» борышкерлер қозғалысы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 13-қараша күнгі «тікелей желі» арқылы төлем қабілеті төмен борышкерлерге қатысты айтқан сөздеріне байланысты брифинг өткізбек.

Бұл туралы Азаттық радиосына бастамашыл топтың жетекшілері хабарлады.

Естеріңізде болса, президент республикалық телеарналар арқылы төлем қабілеті төмен борышкерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетілмейтінін және борыштан бас тартушылармен құқық қорғаушылардың айналысатынын айтқан еді.


XS
SM
MD
LG