Accessibility links

Британия ауғандықтарға жауапкершілік арту жиынын өткізуді ұсынды


Британия премьер-министрі Гордон Браун Ауғанстандағы қауіпсіздік үшін жауапкершілікті ауғандық күштерге беретін уақытты талқылайтын халықаралық конференцияны алдағы жылдың басында өткізу туралы ұсынды.

Бұл туралы дүйсенбі күні кешкісін Браун Лондонда сөйлеген сөзінде айтып, конференцияның мақсаты жергілікті аудандарды ауғандықтардың бақылауына тапсыруды мүмкіндігінше тезірек іске асыратын жұмыс кестесін құру деді.

Осындай жағдайда ғана британиялық және басқа да шетелдік күштер Ауғанстаннан шығуды бастайды деді Браун. Оның пікірінше, халықаралық терроризм Британияның ұлттық қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіріп тұр.

Ауғанстандағы батыстық күштер елді террорлық топтардың әрекет ететін қауіпсіз мекені болдыруға жол бермеу керек деді ол.
XS
SM
MD
LG