Трансперенси интернэшнл ұйымының есебіне қарағанда, соңғы екі жылда Ауғанстанның қоғамдық саласындағы жемқорлық күшейе түскен.
Одан кейінгі тізімде жемқорлық жайлаған елдің бірі Сомали тұр деп хабарлады аталмыш ұйым.
Бүгін Transparency International ұйымының Берлинде жарияланған есебінде 180 елдегі жағдай баяндалған. Онда жемқорлық деңгейі 0-ден 10-ға дейінгі бағамдар арқылы көрсетілген.
0 деген санды иеленгендер сыбайлас жемқорлық жайлаған деп бағаланса, 10 деген цифрді иеленгендер парақорлықтан ада дегенді білдіреді.
2009 жылдағы зерттеу қортындысы жемқорлық жайттары тіркелмеген деп Жаңа Зеландия тұрса, одан кейін Дания мен Сингапур тұр.
Ресейде өткен жылдағыдан бір ондыққа өсіп, 2,2 көрсеткішін алса, Украинада жемқорлық азайып, осы 2,2 деңгейінде тұр.