Accessibility links

90 жастағы германиялыққа нацистік айыптар тағылды


Германия прокурорлары Екінші дүниежүзілік соғыста еврейлер қырғынын жасады деп Гитлердің Эс-Эс арнайы әскерінің мүшесі болған 90 жасар германиялыққа айып тақты.

Аты аталмай отырған қария 1945 жылдың наурызында Аустрия орманында 57 қара жұмысшыны өлтіруге қатысты делініп отыр. Қалған құрбандардың мәйіті 1995 жылы жаппай көмбеден табылған.

Германияның батысындағы Дуйсбург қаласының соты осы жерде тұратын азаматтың сотын өткізу туралы шешімге келу керек. Аустриялық ақпарат құралдары бұрынғы Эс-Эс мүшесі соғыстан кейін атын өзгерткен деп жазды.
XS
SM
MD
LG