Accessibility links

Мәскеу полициясы Лимоновты қолдаушыларды қамады


Мәскеу полициясы "Другая Россия" коалициясының түрмедегі жетекшісі Эдуард Лимоновты қолдаушы бірнеше адамды қамауға алған.

Олар қазанның 31-де рұқсат етілмеген шеру өткізгені үшін 10 күнге абақтыға жабылған Лимоновтың тез арада босатылуын талап еткен.

Қамалғандардың арасында "Солидарность" оппозициялық қозғалысының жетекшілері Борис Немцов пен Владимир Милов және "Объединенный гражданский фронт" қозғалысының өкілі Александр Рыклин бар.

Наразылық білдірушілер Лимонов өзінің белсенділігі үшін саяси себептермен қамалып отыр деді.
XS
SM
MD
LG