Accessibility links

Борышкерлер Ішкі істер министрлігіне үндеу жолдамақ


Бүгін «Халыққа баспана қалсын» қозғалысының мүшелері Алматы қалалық ІІД –нің қызметкерлері арқылы ҚР ІІМ-не үндеу жолдамақ.

Бұл туралы Азаттыққа хабарлаған бастамашыл топ өкілдерінің мәліметінше, үндеуде баспаналарынан айырылу қаупі төніп тұрған қарапайым азаматтарға қарсы полицияны жұмсаудың заңсыздығы туралы айтылған.

Естеріңізде болса, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 13-қараша күнгі «тікелей желі» арқылы төлем қабілеті төмен борышкерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетілмейтінін және борыштан бас тартушылармен құқық қорғаушылардың айналысатынын айтқан еді.
XS
SM
MD
LG