Accessibility links

Лакшми Миттал Каспийдегі мұнай жобаларынан шығуға шешім қабылдады


Үнді текті магнат Лакшми Миттал Каспийдегі мұнай кендерін игеру жөніндегі біріккен жобалардан шығуға шешім қабылдады, — деп жазды сәрсенбіде Economic Times газеті.

Митталға тиесілі Mittal Investments компаниясы мен Үндістанның мемлекеттік ONGC Videsh Limited мұнай компаниясы 2005 жылы ONGC Mittal Energy Ltd. атты біріккен кәсіпорын құрған. Кәсіпорынның басқа да жобаларының арасында қазақстандық «ҚазМұнайГаз» мұнай компаниясынан Каспий теңізіндегі Сәтпаев кен орнының 25 пайыздық үлесін сатып алып, оған 400 миллион доллар салу керек болған.

Аталған басылымның мәліметінше, Mittal Investments 2007 жылы «Лукойлдан» 980 миллион долларға сатып алған Каспийдегі Caspian Investments Resources мұнай –газ активіне де сатып алушы іздеуде.
XS
SM
MD
LG