Accessibility links

ҚР Бас прокуратурасы мен АҚШ Федералдық тергеу бюросы меморандумға қол қойды


ҚР Бас прокуратурасында Бас прокурор Қайрат Мәми АҚШ Федералдық тергеу бюросының директоры Роберт С. Мюллермен кездесіп, ведомствоаралық өзара түсіністік меморандумына қол қойды, — деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

«Қылмыстық құқық саласындағы екі жақты байланыстарды тереңдету мақсатында тараптар ұйымдасқан қылмыспен және қылмыстық әрекеттерден түскен кірістерді заңдастырумен күресте өзара көмек көрсетуге ниетті», — делінген баспасөз хабарламасында.

Сонымен бірге меморандум прокурорлардың кәсіби білігін көтеру мен тәжірибе алмасуда да өзара әрекеттестікті қарастырады.
XS
SM
MD
LG