Ирақ вице-президенті сайлау туралы заңның бір бөлігіне вето қойды. Вице-президент Тареқ әл-Хашеми әлгі заң шетелдегі ирақтықтарға жеткілікті орын бермейді деп оған вето қойғандығын мәлімдеді. Шетелдегі ирақтықтардың басым бөлігі 2003 жылы АҚШ Ирақты басып алған соң сектанттық негіздегі зорлық-зомбылық салдарынан елден босып кеткен суннит мұсылмандары боп табылады.
Бірнеше аптаға созылған пікірталастардан кейін парламент сайлау туралы заң бойынша ымыраға келген болатын. Оған сәйкес, сайлау қаңтардың 18-де өтуі тиіс. Сейсенбі күні күрдтердің аймақтық үкіметі егер күрдтер өлкесіне бөлінген орындардың саны көбеймесе, сайлау туралы заңға бойкот жариялайтынын мәлімдеді.