Accessibility links

Ресейде "Эрмитаж" ісіндегі негізгі куәгер түрмеде қайтыс болды


Ресей билігі мен елдің бұрынғы ірі инвестициялық қоры "Эрмитаж" арасындағы істе негізгі куәгер түрмеде қайтыс болды. Ресей прокурорларының айтуынша, 37 жастағы Сергей Магницкий дүйсенбі күні жүрек ауруынан қаза болған.

Салық төлеуден бас тартты деп айыпталған "Эрмитаж" құрылтайшыларының бірі Билл Браудерге қатысты істе Магницкий күдікке ілінген болатын. Билік орындары ұлттық қауіпсіздікті сылтауратып, Британия азаматы Браудердің Ресейге баруына тыйым салған еді. Браудер Ресейдің ірі компанияларында ашықтықтың болуын талап еткен-ді.

Өткен жылы қамауға алынған Магницкийге астыртын әрекетке қатысы бар деген айып тағылды. Бірақ оның ісі ешқашан сотқа жеткізілмеген. Магницкийдің адвокаттары оның денсаулық жағдайы түрмеде нашарлағанын айтқан болатын.
XS
SM
MD
LG