Грузия үкіметінің делегациясы бүгін Брюсселде НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссенмен келіссөздер өткізеді.
НАТО өкілдерінің хабарлауынша, Грузия ресмилері НАТО-Грузия комиссиясының сессиясына қатысады. НАТО Грузияның ақыр аяғында осы одаққа мүше болуын қолдаған болатын. Бірақ Тбилиси НАТО-ның бірқатар талаптарына әлі сай келмей отыр дейді альянс ресмилері.
Грузия мен Украинаның НАТО-ға мүше болуға ұмтылыстарына байланысты НАТО мен Ресей арасындағы қарым-қатынастар шиеленісе түскен болатын.