Accessibility links

ЕуроОдақ Ресейдегі адам құқықтары жағдайына алаңдаушылық білдірді


Швеция премьер-министрі Фредрик Рейнфелдт Ресейдегі адам құқықтары жағдайы алаңдаушылық туғызып отыр деп мәлімдеді. ЕуроОдақ төрағалығындағы Швеция премьер-министрі бұл туралы сәрсенбі күні ЕуроОдақ-Ресей саммитінен кейін мәлімдеді.

Стокгольмдегі басқосуға сондай-ақ Ресей президенті Дмитрий Медведев пен Еуропа Комиссиясының президенті Жозе Мануэль Баррозу және ЕуроОдақтың сыртқы саясат басшысы Хавиер Солана қатысты.

Медведев ЕуроОдақпен арадағы жаңа әріптестік және ынтымақтастық жөніндегі келісім таяу арада жасалады деп үміттенетінін айтты.

Еуропа Одағы мен Ресей арасындағы қарым-қатынастар өткен жылғы Ресей-Грузия соғысына байланысты шиеленісе түскен болатын.
XS
SM
MD
LG