Accessibility links

Кабулда Хамид Карзайдың инаугурациясы өтеді


Бүгін Кабулда Ауғанстанның екінші мерзімге сайланған президенті Хамид Карзайдың инаугурация салтанаты болады. Осы салтанатқа байланысты елде қауіпсіздік шаралары енгізілді.

Хамид Карзай 300 ден аса шетелдік қонақтың алдында мемлекет басшысы ретінде ант береді, қонақтардың арасында АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон мен Пәкістан президенті Асиф Али Зардари бар.

Карзай 2-қарашада өткен президент сайлауында, өзінің негізгі қарсыласы бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла Абдулла президент сайлауының екінші сатысында да заңбұзушылықтар болады деп оған түсуден бас тартқаннан кейін жеңімпаз ретінде жарияланды.
XS
SM
MD
LG