Accessibility links

«AWARD.kz 2009» байқауының марапаттау салтанаты өтті


Дәстүрлі «AWARD.kz 2009» Ұлттық интернет сыйлығы Казнеттің жаңа жобалары мен отандық инновациялық ресурстарын марапаттады, — деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

«Масс-медиа» аталымы бойынша gaseta.kz интернет-газеті марапатталды. «Мемлекеттік тілдегі ең үздік сайт» арнайы номинациясын abai.kz ақпараттық порталы жеңіп шықты. Kiwi.kz видео-порталы «Ең үздік желілік сервис» номинациясы бойынша бірінші орын алды.

Virtual Reality Tours (www.vrt.kz) сайты қатарынан екі номинацияны («2009 жылдың жаңалығы», «Персоналды парақшалар, танысу және қарым-қатынас») жеңіп алып және AWARD.kz 2009 интернет-сыйлығының ең үздік сайты атанды.

«AWARD.kz 2009» байқауы 10 жалпы номинация және 7 арнайы номинация бойынша өткізілді. Сондай-ақ биылғы жылдың жаңалығы — «Казнетке қосқан елеулі үлес» атты номинация Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімовке берілді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG