Accessibility links

"Хьюман Райтс Уотч" Қырғызстанды 2 белсендіні босатуға шақырды


"Хьюман Райтс Уотч" Қырғызстан үкіметін адам құқықтарын қорғаушы екі белсендіні босатуға шақырып отыр. Қырғыз қауіпсіздік күштері Бахром Хамроев пен Иззатилла Рахматиллаевты сәрсенбі күні Ошта қамауға алған.

Нью-Йоркте орналасқан "Хьюман Райтс Уотч" ұйымының айтуынша, Ресей азаматы Хамроев адам құқықтары бойынша "Мемориал" орталығында жұмыс істейді, ал Рахматиллаев Қырғызстандағы адам құқықтарының бұзылуын зерттейтін "Заң мен тәртіп" топты басқарады.

"Хьюман Райтс Уотчтың" Орталық Азия бойынша зерттеушісі Андреа Берг әлгі екі белсендінің кәсіби жұмыстарына байланысты тұтқындалғандығы анық деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG