Accessibility links

Украина мен Ресей газ мәселесін талқыламақ


Украина премьер-министрі бүгін ресейлік әріптесі Владимир Путинмен кездесіп, Ресей газының бағасын талқылайды.

Ресей президенті Дмитрий Медведевке жолдаған ашық хатында Украина президенті Виктор Ющенко Украинаға тасымалданатын газға қатысты келісім тезарада қайта қарастырылуы тиіс деп атап көрсеткен. Бұл келісім екі ел арасындағы газ дауын тоқтату үшін қаңтар айында жасалған болатын. Сол кездегі газ дауы Еуропаға көгілдір отынның тасымалына кедергі болған-ды.

Мәскеу егер Украинамен арада тағы да газ дауы туындаса, Еуропаға арналған газ тасымалына әсер етуі мүмкін деп ескертті.
XS
SM
MD
LG