Accessibility links

Бельгияда Иран мәселесі сөз болады


Әлемнің алпауыт елдері жұма күні Брюсселде кездесіп, Иранның БҰҰ әзірлеген ядролық келісімді қабылдамауын талқылайды.

Еуропа Одағының баспасөз хатшысы келіссөздерге Британия, Қытай, Ресей, АҚШ, Франция және Германия елдерінің ресмилері жетекшілік ететін болады деп хабарлады. Иран жоққа шығарған жоспарға сәйкес, Теһран өз уранын шетелге шығаруы тиіс болатын.

Президент Барак Обама әлгі келісімді Иран қабылдамаса, оның салдары болуы мүмкін деп ескерткен еді.
XS
SM
MD
LG