Accessibility links

Брюсселде Иранның ядролық бағдарламасы талқыланады


Бельгия астанасында жұма күні Иранның ядролық бағдарламасы туралы мәселе бойынша алты жақты келіссөздер өтеді. Форумда Теһранға қарсы қолданылуы мүмкін санкциялар талқылануы мүмкін.

Иран Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің уранды ел аумағынан басқа жерде байыту туралы ұсынысына келеспей отыр. Бейсенбі күні АҚШ президенті Иранның халықаралық ұсыныстардан бас тартуы оған қарсы шара қолдануға мәжбүрлейді деп мәлімдеген болатын.

Брюсселдегі келіссөздерге Ұлыбритания, Қытай, Франция, Ресей, АҚШ және Германия мемлекеттерінің дипломаттары қатысады.
XS
SM
MD
LG