Accessibility links

Бұқтырма өзені елдімекендерге қауіп төндіріп тұр


"Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма өзенінің су деңгейі күрт көтерілуіне байланысты Зыряновск ауданындағы бірқатар елдімекенді су басу қаупі туды" деп хабарлады ҚазТАГ.

Қазіргі таңда өзен суының деңгейі 450 см көрсеткішіне жеткен, Бұқтырма үшін 530 см – аса қауіпті деңгей болып есептеледі.

Барлау жұмыстары өзен деңгейінің көтерілуіне мұз кептелісі себеп болғандығын көрсетті. Су басып қалу қаупі туып тұрған аймақта бірнеше ауыл орналасқан. Аудан әкімшілігі өзен деңгейін бақылау жұмыстарын қолға алды.
XS
SM
MD
LG