Accessibility links

Путин: Ресей-Украина газ келісімі – Еуропаны отынмен қамтудың кепілі


Ресей премьер-министрі Владимир Путин «Украинамен арадағы газ құбыры келісімі Еуропаға тұрақты түрде энергия жеткізудің кепілі» деп мәлімдеді. Бұл туралы Путин Ялтада Украина премьер-министрі Юлия Тимошенкомен кездесуінен кейін айтты.

Өткен жылдың қысында Украина мен Ресей арасындағы көгілдір отын төңірегіндегі жанжалдың салдарынан Еуропаның миллиондаған тұрғыны газсыз қалған еді.

Бұған дейін Путин Украина газдың ақшасын төлемеген жағдайда тасымалданатын көгілдір отын көлемі азаяды деп ескерткен болатын. Бейсенбі күні Тимошенко тиісті қаржы толық көлемде әрі уақытылы төленеді деп уәде берді.
XS
SM
MD
LG