Accessibility links

Караджичтің адвокаты тағайындалды


Бұрынғы Югославия бойынша қылмыстар жөніндегі халықаралық трибунал босниялық сербтердің бұрынғы жетекшісі Радован Краджичті қорғайтын адвокатты тағайындады. Өз-өзін қорғап келген Караджич осы айдың басында басталған сотқа бойкот жариялаған болатын.

Оған 1992-1995 жылдары Босния қақтығысында соғыс қылмыстары мен геноцид жасады деген айыптар тағылып отыр. Караджичке қатысты сот келесі жылдың наурыз айына қалдырылды.
XS
SM
MD
LG