Accessibility links

МАГАТЭ ядролық келісімге қатысты Иранның соңғы жауабын алмаған


Атом энергиясы бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігінің басшысы Мохаммед Әл-Барадей Иран БҰҰ әзірлеген ядролық келісімге байланысты "соңғы жауабын" бермеді деп мәлімдеді. Жұма күні Берлинде баспасөз маслихатын өткізген Әл-Барадей МАГАТЭ Ираннан жазбаша түрде жауап алмады деп атап көрсетті.

Халықаралық агенттік ұсынған келісім бойынша Иран ядролық отын жасау үшін өзіндегі уранын шетелге шығаруы тиіс болатын. Бұл келісім Батыс елдерінің Иран жасырын түрде ядролық қару жасауы мүмкін деген алаңдаушылықтарын жеңілдетуді көздеген еді.

Теһран бұл айыптауларды жоққа шығарып, осы аптада Иран сыртқы істер министрі әлгі келісімді қабылдамайтынын хабарлады. Бүгін әлемнің алпауыт елдері, яғни АҚШ, Британия, Ресей, Франция, Қытай және Германия елдері Брюссельде кездесіп, Иран мәселесін талқылады.
XS
SM
MD
LG