Accessibility links

Қырғызстан ресейлік белсендіні елден шығарды


Адам құқықтарын қорғаушы ресейлік "Мемориал" тобының хабарлауынша, Қырғызстан Мәскеуде орналасқан құққорғаушы белсендіні тыйым салынған "Хизбут Тахрир" исламшыл тобына тыңшылық жасады деп айыптап, оны елден шығарған.

"Мемориалдың" Орталық Азия бойынша директоры Виталий Пономаревтің айтуынша, қырғыз билік орындары белсенді Бахром Хамроевты Қырғызстандағы саяси жағдай туралы мәлімет жинап, "Хизбут Тахрирға" берген деп айыптап отыр. Хамроев Қырғызстанда діни бостандық мәселесін зерттеген болатын.

Қырғыз полициясы Хамроевпен бірге "Заң мен тәртіп" тобының жетекшісі Изатилла Рахматиллаевты тұтқындаған еді.
XS
SM
MD
LG