Accessibility links

Ақ үй әлі де Теһранға үмітпен қарайды


Америка Құрама Штаттары әлі де болса ресми Теһран өзінің ядролық бағдарламасына қатысты халықаралық қауымдастықтың ұсынысын қабылдайды деп үміттенеді. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты 5 мүшесі мен Германияның өкілдері өткен жұма күні Брюссельде болып өткен кездесуінде өзінің реакторларына қажетті уранды Ресей мен Францияда байыту туралы МАГАТЭ агенттігінің ұсынысынан Иранның бас тартуына өкініштерін білдірді.
АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің өкілі Роберт Вуд мәлімдегендей, Иранды осы райынан қайтаратын келесі іс-шараларды талдау үшін 6 мемлекеттің құзырлы өкілдері таяу уақытта тағы бір кездесу өткізеді.
XS
SM
MD
LG