Accessibility links

Пәкістанда тағы бір қастандық болды


Пәкістанның Пешавар қаласындағы үкіметтік емес ұйымның кеңсесі маңайында жарылыс болып, оның күзетшісі жараланды. Полицияның бастапқы жорамалы бойынша, ғимаратқа жақын жерге орнатылған бомба іске қосылды. Сонымен бірге бірқатар жергілікті баспасөз құралының хабарлауынша, жарылыс зымырандық соққыдан шықты.
Пешавар қаласындағы террористік шабуылдар Пәкістан армиясы Ауғанстан шекарасына жақын таулы ауданда тәліптерге қарсы жорығын бастаған қазан айының ортасынан бері қарай жиілеп кетті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG