Accessibility links

Ақ үй Кабулдың қаржыны жұмсауын қатаң бақылайды


Ауғанстан басшылығының жемқорлыққа қарсы күресіне көмек көрсетудің алғашқы қадамы ретінде ресми Вашингтон осы елдің инфрақұрылымын дамытуға қатысты жобалар бойынша келісім-шарттарға келудің ережесін қатаңдатпақшы. АҚШ-тың қорғаныс министрі Роберт Гейтс осылай деп мәлімдеді.
Одан бұрын халықаралық көмек бағдарламасы бойынша Ауғанстанға келіп жатқан қаражаттың жұмсалуын қатаң қадағалау қажеттігін АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон атап көрсеткен болатын.
Ауғанстанның екінші мерзімге қайта сайланған президенті Хамид Қарзай жемқорлыққа қарсы күреске жеткілікті көңіл бөлмегені үшін Батыс саясаткерлері тарапынан өткір сынға қалды. Сенбі күні АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының төрайымы Нэнси Пелоси Қарзайды «сенімсіз әріптес» деп сипаттады.
XS
SM
MD
LG