Accessibility links

Қытайда көмір кенішінде тағы бір апат болды


Қытайдың солтүстігіндегі көмір кенішінде болған апаттың құрбандары 31 адамға жетіп, тағы 82 кенші жер астында шахтада қамалып қалды.
Хабарға қарағанда, жарылыс Хэйлунцзян өлкесіндегі Хэган қаласындағы көмір шахтасында болды. Апат болған кезде жер астында 528 кенші жұмыс істеп жатқан көрінеді. 300-ден астам кенші жер бетіне өз беттерімен көтерілген.
Қытайдың көмір өнеркәсібі – бүкіл дүние жүзіндегі ең қауіпті өндіріс болып есептеледі.
XS
SM
MD
LG