Accessibility links

АҚШ ғарышкерлері бос кеңістікке шықты


АҚШ-тың НАСА ғарыш агенттігінің астронавтары «Атлантис» шаттл кемесімен халықаралық ғарыш бекетіне ұшып жетіп, сенбі күні ашық ғарыш кеңістігіне екінші рет шығып жұмыс істеді.
Майкл Форман мен Ренди Брезник ғарыш бекетінің жұмысын қамтамасыз ететін жабдық орнатуға және теңіз кемелерінің қозғалысын бақылайтын қондырғының құрамдас бөлігін орнатуға тиіс болатын.
Алдағы уақытта НАСА агенттігі халықаралық ғарыш бекетіне ауыр жабдықтар жеткізу үшін 5 шаттл кемесін ұшыруды жоспарлап отыр. Одан кейін жүк тасымалдаумен Ресейдің «Союз» ғарыш кемелері шұғылданатын болады.
XS
SM
MD
LG