Accessibility links

Ресейде Путиннің билік партиясының сиезі өтеді


Ресей президенті Дмитрий Медведев пен премьер-министр Владимир Путин «Біртұтас Ресей» партиясының сенбі күні С.Петерборда өтетін сиезіне қатысады. Партия көсемі болып табылатын В.Путин сиезде негізгі баяндамамен сөз сөйлеуге тиіс.
600-ден астам делегат партияның жаңа бағдарламасын қабылдайды. Мемлекеттік думаның спикері Борис Грызловтың сөзіне қарағанда, жаңа бағдарламада «партияның жаңа уағыздамасы (идеологиясы) – ресейлік консерватизм – айқын көрсетілген». «Біртұтас Ресей» партиясының жарғысына да өзгеріс енгізіліп, партия басшылығы қайта сайланады.
XS
SM
MD
LG