Accessibility links

Иранда бұрынғы вице-президент сотталды


Иранда елдің бұрынғы вице-президенті Мохаммад Әли Абтахи 6 жылдық мерзімге түрме жазасына кесілді. Ол маусым айындағы президент сайлауының ресми нәтижесіне қарсы саяси оппозицияның жаппай наразылық ереуілі өтіп жатқанн кезде тұтқындалды. Абтахиге билікке қарсы қастандық ұйымдастырды деген айып тағылды.
Бір хабарға қарағанда, кейінірек теледидардан сөйлеген сөзінде ол өзінің іс-әрекетіне өкінетінін айтып, тіпті өзінің түрмедегі жағдайын мақтаған да көрінеді.
Сайлау кезінде Мохаммад Әли Абтахи оппозицияның үміткері Мехди Карубидің кеңесшісі болды. Жала жапты деген айып бойынша таяуда Карубидің өзіне де қарсы қылмыстық іс қозғалды.
XS
SM
MD
LG