Сенбі күні Қытайдың көмір кенішінде болған жарылыстың құрбандары 87-ге жетті. Басқа 20 кеншінің тағдыры әлі беймәлім. Ресми Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, 420 кенші құтқарылды.
Хабарға қарағанда, апат Хэйлунцзян өлкесіндегі Хэган қаласында болды. Жарылыс кезінде жер астында 500-ден астам кенші болған.
Жыл сайын Қытайдың көмір өнеркәсібі саласында мыңдаған адам қаза табады.