Accessibility links

Индонезиядағы кеме апатынан 4 кісі опат


Индонезияда жексенбі күні Суматра аралының маңайында су түбіне кеткен кемеде 300-ге жуық жолаушы мен кеме командасының мүшелері болғаны анықталды. Хабарға қарағанда, 4 жолаушы қаза болып, 290-нан астамы құтқарылды.
Тергеушілер шамамен 270 адам тасымалдайтын кеме жолаушылардың тым көптігінен төңкерілуі мүмкін деп күдіктенеді.
Батам және Моро аралдарының арасында қатынайтын тағы бір кеме күшті толқынның салдарынан саязға тұрып қалды. 280 жолаушы мен кеме ұжымы түгел аман.
Индонезияда жыл сайын су кемелерінің апаттарынан жүздеген адам опат болады. Қайғылы оқиғалар көбіне кемелердің техникалық халі мен жолаушылардың тым көп отыруынан болады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG