Accessibility links

Иран президенті 5 елде сапарда болады


Иран президенті Махмуд Ахмадинеджад жексенбі күні Латын Америкасы мен Батыс Африканың 5 еліне сапарға аттанды. Сапарының барысында ол Бразилия мен Венесуэлаға және Боливияға, Батыс Африканың Сенегал және Гамбия сынды 2 еліне аялдайды.
Бразилияда Ахмадинеджад технолгия, мұнай өндірісі мен ғарыш зерттеулері саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылауға тиіс.
Боливияда президент Эво Моралеспен жеке кездесіп, бірқатар екі жақты құжатқа қол қою жоспаланған. Венесуэлада Иран президентін АҚШ-ты өте жақтырмайтын президент Уго Чавес жылы қарсы алады.
XS
SM
MD
LG