Жексенбіде Иранның ұлттық телеарнасы хабарлағандай, елде әуе соққысынан қорғаныс күштерінің ядролық бағдарлама нысандарын әуе соққысынан қорғауды көздеген ірі әскери жаттығуы басталды. Хабарға сәйкес, 5 күн жалғасатын әскери жаттығу Иран территориясының 1/3 бөлігін қамтып, елдің орталық, батыс және оңтүстік аумақтарында өтеді.
Сенбі күні бригада генералы Ахмад Меғани хабарлағандай, жаттығу Иранның ядролық нысандары орналасқан өңірлерді қамтиды. Оның айтуынша, егер Ресей С-300 зымыран қаруын сатудан бас тартса, әуе қорғанысының өзіндік жүйесін шығаруға Иранның қабылеті жетеді.
Әскери жаттығу - өзіне қажетті уран шикізатын шетелде байыту туралы МАГАТЭ агенттігінің ұсынысын қабылдату үшін Иранға Батыстың қысымы күшейген кезде өтіп жатыр.