Accessibility links

Қытайдың көмір кенішіндегі апаттың құрбандары 104 адамға жетті


Қытайдың солтүстігіндегі көмір кенішінде сенбі күні болған апат құрбандарының саны 104 адамға жетті, — деп хабарлайды Франс Пресс агенттігі.

Апатты жағдай орын алған Хэйлунцзян өлкесінің Хэган қаласындағы көмір кеніші Қытайдағы көмір өндіруші ірі компаниялардың бірі Heilongjiang Longmei Mining Holding Group –қа тиесілі.

Апат болған кезде жер астында 528 кенші жұмыс істеп жатқан көрінеді, оның 415-і жер бетіне өз беттерімен көтерілген.

Қытайдың көмір өнеркәсібі – бүкіл дүние жүзіндегі ең қауіпті өндіріс болып есептеледі, мұндағы апаттан жыл сайын 7 мыңнан астам адамның өмірі қиылады.
XS
SM
MD
LG