Accessibility links

Өзбекстандағы сайлауға 517 үміткер тіркелді


Өзбекстан бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, елдің Орталық сайлау комиссиясы желтоқсанның 27-не белгіленген парламенттік сайлауларға 517 үміткерді тіркеген.

Өзбекстан заңдарына сәйкес, кандидаттардың барлығы елде тіркелген төрт партияның мүшесі болуы тиіс. Сайлау комиссиясының мәлімдеуінше, заңға сәйкес үміткерлердің 31.9 пайызы әйелдер.

Өзбекстан парламентінің төменгі палатасында 150 орын бар. Тіркелген үміткерлердің тізімі осы аптада мемлекеттік басылымдарда жарияланады.
XS
SM
MD
LG