Accessibility links

Ауғанстанда 4 АҚШ сарбазы қаза болды


Соңғы тәулікте Ауғанстанда 4 АҚШ сарбазы қаза болды. НАТО-ның айтуынша, американдық сарбаздардың үшеуі жексенбі күні елдің оңтүстігінде орын алған шабуылдардан құрбан болған. Ал төртінші жауынгер бүгін Ауғанстанның шығысында бомба жарылысынан опат болған.

Қараша айында Ауғанстанда қаза тапқан американдық сарбаздардың саны 15-ке жетті. Ал қазан айында бұл елде 58 АҚШ сарбазы өлтірілген болатын.
XS
SM
MD
LG