Accessibility links

Муборак Израилдің Иерусалимдегі құрылыс жоспарын сынады


Мысыр президенті Хосни Муборак шығыс Иерусалимдегі Израилдің құрылыс жұмыстарын сынады. Израиль президенті Шимон Переспен өткізген келіссөзінде Муборак аймақтағы мұндай әрекеттер бүкіл мұсылман әлемінің ашу-ызасын келтіруі мүмкін деп атап көрсетті.

Өткен аптада Израиль шығыс Иерусалимдегі еврейлер ауылында 900 жаңа үй құруды жоспарлап отырғанын жариялады. Бұл аумақты 1967 жылы Израиль басып алған болатын. Палестиналықтар оны өздерінің болашақ мемлекетінің жері деп есептейді.

Перес қоныстар мәселесін "мардымсыз" деп, бейбітшілік жөніндегі келіссөздер басталғанда, бұл мәселе "жойылады" деп уәде етті.
XS
SM
MD
LG