Accessibility links

Ресейлік ғарыш аппараты Байқоңырдан ұшырылмай қалды


«Байқоңыр» ғарыш айлағынан дүйсенбі күні ұшырылады деп жоспарланған «Протон-М» зымыран тасығышымен бірге «W 7» ғарыш аппаратын ұшыру кейінге қалдырылды. Қазкосмос ұлттық ғарыш агенттігіндегілер мұны Роскосмос жоспарының үздіксіз ауысып отыруының салдарынан қазақстандық жақтың рұқсаты алынбай қалғандығымен түсіндірді.

Қазақстан мен Ресей арасындағы келісімге сәйкес, Байқоңырдан келесі жылы жүзеге асырылатын ұшырылымдар жоспары 30 қарашаға дейін тапсырылуы тиіс. Ал 2009 жылғы жоспарда «W 7» ғарыш аппаратын ұшыру туралы ештеме айтылмаған.

Хабарларға қарағанда, Ресей жоспарға өзгерту енгізу туралы өтініш түсірген. Бірақ оған қатысты Қазақстан үкіметінің шешімі әлі қабылданбаған.
XS
SM
MD
LG