Accessibility links

АҚШ президенті Ауғанстан мәселесі бойынша жиналыс өткізді


АҚШ президенті Барак Обама өзінің кеңесшілерімен бірге ауған проблемасын талқылады.

Жиналыстан кейін ешқандай ресми мәлімдеме таратылған жоқ. Ақ үй өкілі Роберт Гиббс Ауғанстанға қосымша әскер жіберу туралы шешім келесі аптадан кешіктірілмей жарияланатындығын хабарлады.

Жиналысқа вице-президент Джозеф Байден, мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтон, қорғаныс министрі Роберт Гейтс қатысты.

Обама соңғы екі айдың ішінде ауған проблемасының барлық аспектілерін талқылаумен айналысып келеді.
XS
SM
MD
LG