Accessibility links

Кәсіпкер Тұржановтың ісі бойынша тергеу аяқталды


«Киік» компаниясының құрылтайшысы Серік Тұржановтың қылмыстық ісі бойынша тегеу аяқталды деп хабарлады «Время» газеті.

Тұржановқа қарсы қылмыстық іс бюджет қаржысын талан-таражға салуға қатысқан деген күдікпен қозғалған еді. Бұл жердегі әңгіме ұлттық санақты жүргізуге бөлінген 1 млрд 144 млн теңге төңірегінде болып отыр.

Қаржы полициясы дәл осындай күдікпен статистика жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Нұрман Баяновты, «Киік» компаниясының бас директоры Александр Нисановты ұстады. Хабарларға қарағанда, Нисанов үй қамауына ауыстырылған.
XS
SM
MD
LG