Accessibility links

Кепілдік берілсе, Иран уранын шетелге шығаруға қарсы емес


Иран сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, Теһран өзінің уранын шетелге шығаруға қарсы емес. Бірақ Иран өзінің медициналық зерттеу реакторы үшін ядролық отын алуына 100 пайыз кепілдік берілуін қалайды деп атап көрсетті министрліктің баспасөз хатшысы Рамин Мехманпараст. Оның бұл мәлімдемесі БҰҰ әзірлеген ядролық келісімге қатысты Иран ұстанымының жұмсарғанын білдіруі мүмкін.

Өткен аптада Иран сыртқы істер министрі Манучехр Моттаки әлгі халықаралық ұсынысты жоққа шығарған болатын. АҚШ президенті Барак Обама егер Иран әлгі келісімді қабылдамаса, оның "салдары" болады деп ескерткен-ді.
XS
SM
MD
LG