АҚШ президенті Барак Обама өз кеңесшілерімен Ауғанстанға қосымша әскерилерді жіберу мәселесіне қатысты соңғы жиынын өткізді. Обама ауған соғысындағы жаңа стратегиясын "Алғыс күні" мерекесінен кейін яғни қарашаның 26-нан соң жариялайды деп күтілуде.
Дүйсенбі күнгі жиынға вице-президент Джо Байден мен мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтон және қорғаныс министрі Роберт Гейтс пен тағы басқа ресмилер қатысты.
Ауғанстандағы АҚШ пен НАТО күштерінің қолбасшысы генерал Стэнли МакКристал Талибан бүлікшілерімен күресу үшін бұл елге қосымша 40 мың сарбаз жіберуді сұраған болатын.