Accessibility links

Назарбаев Беларусь еліне сапармен барады


Бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев екі күндік ресми сапармен Беларусь еліне барады, деп хабарлайды Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.

Сапар барысында Беларусь басшылығымен кездесуде ғылыми-техникалық және экономика салаларында екі елдің әріптестік мәселелері талқыланбақ. Сапар қортындысы бойынша екіжақты келісімдерге қол қою жоспарланған.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев қарашаның 27-күні өтетін Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың мемлекетаралық кеңесінің кезекті отырысына қатысады.
XS
SM
MD
LG