Accessibility links

Иран президенті Венесуэлаға барды


Иран президенті Махмуд Ахмадинежад сейсенбі күні кешкісін Венесуэлаға барды.

Бұл елдің сыртқы істер министрі Николас Мадуро Ахмадинежадты Каракс әуежайынан күтіп алғанда, Венесуэла мен Иранның соңғы онжылдықтағы байланыстары мықты негізде құрылды әрі әлемдік ықпалды елдердің шабуылдары дұрыс емес екенін көрсетеді деді.

Иран мен Венесуэла екеуі де АҚШ жетекшілеріне қарсы үлкен мұнай өндіруші елдер. Ахмадинежадтың бұл сапары кезінде Венесуэла президенті Уго Чавеспен және басқа да ресмилермен кездесулері жоспарланған.

Бұл Иран президентінің Оңтүстік Америкаға сапарының үшінші аялдамасы болып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG