Accessibility links

Пәкістан Мумбай шабуылына қатысты 7 күдіктіге айып тақты


Бүгін Пәкістанның терроризмге қарсы соты өткен жылғы Мумбай шабуылын жасады деп күдіктелген 7 адамға террорлық айыптар тақты.

Сотқа тартылған жетеудің бәрі бірдей өздерінің 160-тан аса кісінің өмірін қиған өткен жылғы қарашаның 26-сы мен 29-ы аралығында орын алған шабуылдарға қатыстары жоқ екенін айтып отыр.

Сәрсенбі күнгі сот Үндістан Мумбай шабуылының бір жылдығын атап өтер алдында болып отыр.

Күдіктілердің бірі өзінің бұл шабуылдағы рөлін мойындаған. Айыптаушылар Мохаммад Аджмал Амир Қасаб тірі қалған жалғыз шабуылшы деп отыр.
XS
SM
MD
LG