Accessibility links

МАГАТЭ Иранға қатысты жиынға шақырды


БҰҰ-ның Атом энергиясы жөніндегі агенттігі бейсенбіден бастап, екікүндік кездесу өткізбекші. Ресмилердің айтуынша, күн тәртібінде Иранның ядролық мақсаттары қаралады.

Иран МАГАТЭ ұсынған жоспарға екі ұшты жауап беріп отыр. Ол ұсыныста Теһран ядролық қару иеленбекші деген Батыс елдерінің алаңдаушылығын сейлту үшін Иран өзінің төменгі деңгейде байытылған уранын басқа елде ядролық отынға айналдыруы керек делінген.

Дипломаттардың айтуынша, бұл кездесуде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің вето қою құқы бар тұрақты 5 мүше елі Британия, Қытай, Франция, Ресей және Құрама Штаттар сондай-ақ Германия қарар жобасын ұсынады.

МАГАТЭ-нің орнынан кетіп бара жатқан бас директоры Мохаммел ел Барадей өткен аптада өзінің ресми түрде Ираннан ақырғы жауап алмағанын айтқан.
XS
SM
MD
LG