Accessibility links

Өзбекстан Қазақстанмен шекарасын тұмауға байланысты жапқанын айтты


Өзбекстан өзінің Қазақстанмен шекарасын жабуға доңыз тұмауы себеп болғанын айтты.

Сәрсенбі күні өзбек үкіметі таратқан мәлімдемеде, маусымдық тұмаудың кең етек алуына байланысты шекарада карантин енгізілді делінген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өткен жұмада Қазақстан, Өзбекстан және Ауғанстанның бір бөлігінде тұмаумен ауырғандар саны өсе түскен деді.

Өзбекстан өздерінде H1N1 вирусы тіркелмегенін айтты. Ал Қазақстанда доңыз тұмауының 17 оқиғасы тіркелді.

Сейсенбі күні Батыс Қазақстан облысында 53 жастағы американдық азаматтан H1N1 вирусы анықталды деп хабарлады Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі.
XS
SM
MD
LG