Accessibility links

Үндістан Мумбай шабуылының бір жылдығын атап өтуде


Бүгін Үндістан осыдан бір жыл бұрын Мумбайда болған шабуылдарда қаза тапқандарды еске алып жатыр.

Таңертеңгісін жаңа қарулар алып, әскери көліктер мінген қауіпсіздік күштерінің шеруі өтті, Мумбайдың орталық жағында шырақтар жағылып, шабуылдар болған жерде құрбандарды еске алу шарасы өтті.

Өткен жылы дәл осындай уақытта қаруланған он адам Мумбайға шабуыл жасап, 166 адам қаза тапқан еді.

Көшеге шыққан Мумбай тұрғындарының біразы тірі қалған бір шабуылдаушыны дарға асып, өлтіруге шақырды.

Үндістан бұл шабуылдарға Пәкістанда орналасқан Лашкар-е-Таиба жауынгерлік тобын айыптап, Пәкістан үкіметінен оларды құртып, Мумбай шабуылына қатысты кейбір мүшелерін өздеріне беруді талап еткен.
XS
SM
MD
LG