Accessibility links

МАГАТЭ Иранға қатысты жиын өткізеді


БҰҰ-ның атом энергиясы жөніндегі агенттігі МАГАТЭ Ираннан нақты жауап болмағанына қатысты екікүндік кездесуін бастайды. Иран МАГАТЭ ұсынған жоспарға екі ұшты жауап беріп отыр.

Ол ұсыныста Теһран ядролық қару иеленбекші деген Батыс елдерінің алаңдаушылығын сейілту үшін Иран өзінің төменгі деңгейде байытылған уранын басқа елде ядролық отынға айналдыруы керек делінген.

Бұл кездесуде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің вето қою құқы бар тұрақты 5 мүше елі Британия, Қытай, Франция, Ресей және Құрама Штаттар сондай-ақ Германия қарар жобасын ұсынады.

МАГАТЭ-нің 35 мүшесі бар басқармасы төрт жылда бірінші рет Иранды айыптаған қарар бойынша дауыс бермекші.
XS
SM
MD
LG